Тоқырау ма, әлде жаңа 90-шы ма: Қазақстан бизнесін не күтіп тұр?

Қашан
29 Тамыз 2023, 09:00 (Алматы, GMT+6)
Қараша 2022
ДбСбСрБсЖмСнЖк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Бүгін
Қайда
Астана қ., «Sheraton Astana» қонақүйі, 3-қабат, конференц-зал, Сығанақ к-сі, 60/1 · Офлайн

«TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының дөңгелек үстелі

Күнтізбеге: Google Басқалары

Тоқырау ма, әлде жаңа 90-шы ма: Қазақстан бизнесін не күтіп тұр?

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ШОБ-тың экономикадағы үлесін 35%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Статистика бойынша өткен жылы ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі 36%-дан асып түсті. 2022 жылдың басынан бері жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,9 млн бірлікке дейін, яғни 38%-ға өсті, оның ішінде ЖК саны 1,5 есе — 450 мыңға артты.

Алайда ШОБ көрсеткіштерінің сандық өсуі сапалық өзгерістермен — ресми жұмыспен қамтудың, табыс пен өнімділіктің өсуімен қатар жүріп жатқан жоқ. Іскерлік белсенділіктің оң серпіні көбіне бизнесті бөлшектеуге байланысты. Бір жағынан, бизнеске инфляция қысым жасайды — бағалар, тиісінше айналымдар да өседі. Екінші жағынан, ҚҚС бойынша шекті деңгей 30 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін төмендетілді.

«Таза парақтан реттеу», салықтық әкімшілендіруді жаңарту, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі, мемлекеттік қолдау шаралары жүйесінің реформасы іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған. Екінші жағынан, активтерді қайтару процесі басталды, мемлекеттің экономикаға қатысуы азаймай отыр, салық жүктемесін арттыру талқылануда.

ШОБ үшін елеулі проблема — теңге бағамының тұрақсыздығы және қаржыландыру тапшылығы. Соңғы 12 жылда заңды тұлғаларды несиелендіру ЖІӨ-нің 25,1%-ынан 8,4%-ына дейін құлдырады. Компаниялардың 70%-дан астамында бизнес-несие жоқ. Сонымен қатар ЖК-ге жылдық 56%-ға дейінгі мөлшерлемемен бөлшек несие беру өсіп келеді.

  • Шағын және орта бизнестің жағдайы қалай?
  • Дағдарыс кезеңінде ШОБ қалай аман қалады? Мемлекет ШОБ-қа қалай көмектесе алады?
  • Бизнес-ахуалды қалай жақсартуға болады?

Осы және басқа да сұрақтар панельдік пікірталас аясында талқыланады.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде бизнес контексіндегі спиральды динамика заңдары бойынша ашық дәріс өтеді. Спиральды динамика — ұйымдар мен корпоративтік мәдениеттің дамуын сипаттайтын прогрессивті модель. Ол кез келген ауқымда қолданылады: жекелеген адамдар, топтар мен компаниялар, елдер және тұтас қоғам үшін.

Жүктеуге арналған материалдар

1 құжаты

Программа конференции

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 191.9 КБ, файл түрі — pdf

2 құжаты

Слайды: бизнес-климат Казахстана

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 1008.1 КБ, файл түрі — pdf

3 құжаты

Презентация: состояние МСБ

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 16.3 МБ, файл түрі — pptx