«Қазақстандағы Қытайды қабылдау индексі — 2024» презентациясы

Қашан
12 Желтоқсан 2024, 12:00 (Алматы, GMT+5)
Қыркүйек 2024
ДбСбСрБсЖмСнЖк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Бүгін
Қайда
Онлайн

2024 жылғы 12 желтоқсанда сағат 12:00-де «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы «Қазақстандағы Қытайды қабылдау индексі — 2024» әлеуметтанулық мониторингтік зерттеуінің онлайн-презентациясын өткізеді.

Күнтізбеге: Google Басқалары

«Қазақстандағы Қытайды қабылдау индексі — 2024» презентациясы

2020 жылы TALAP орталығы «Қытайдың Қазақстандағы экономикалық стратегиясы мен сыртқы саясатын талдау» зерттеуін бастады. Зерттеудің жеке бағыты — халық арасындағы кең әлеуметтанулық сауалнама негізінде Қазақстандағы Қытайды қабылдау индексін қалыптастыру болды.

2024 жылдың қарашасында TALAP орталығы 32 айнымалыны талдау мен 4 негізгі индикаторды — Қытайды жалпы қабылдау, геосаяси күш, экономикалық күш және мәдени ықпал — есептеуді қамтитын төл әдістеме негізінде орындалған зерттеудің төртінші толқынын аяқтады.

Презентацияда мынадай тақырыптар қарастырылады:

  • Қытайды қабылдаудың жаһандық трендтері: қоғамдық пікір сауалнамаларына, жұмсақ күштің халықаралық рейтингтеріне және көпфакторлы сараптамалық бағалауларға шолу.
  • Орталық Азия мен Қазақстандағы Қытайды қабылдау ерекшеліктері: Gallup, Орталық Азия барометрі және басқа да көптеген дереккөздердің деректерін талдау.
  • 2020 жылдан бергі Қазақстандағы қоғамдық пікір серпіні: соңғы жылдардағы негізгі өзгерістер (TALAP орталығының әдістемесі негізінде).
  • Қазақстандағы халықаралық жобалар туралы қоғамдық пікір, оның ішінде қытайлық бастамалар және АЭС мердігерлеріне қатысты күтулер.
  • Қазақстандағы халықаралық брендтерді қабылдау матрицасы: түрлі елдер компанияларының танымалдығы мен бағалануын зерттеу.

Зерттеу презентациясы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өтеді. Сондай-ақ трансляция TALAP YouTube-арнасында қолжетімді болады.

Жүктеуге арналған материалдар

1 құжаты

Программа презентации

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 152.3 КБ, файл түрі — pdf