Несиелендіру мәселесі: оны қалай шешуге болады?

Қолданбалы зерттеулер орталығы «TALAP» Қазақстан халқының несиелендіру мәселесін жүйелі түрде шешуді көп жылдан бері қолдап келеді.

2017 жылы TALAP онлайн-кредиттерді реттеуді ұсынды, олардың пайыздық мөлшерлемесі жылына 700–1000% құрады. Ұлттық Банк пен Парламент депутаттарының қолдауымен Азаматтық Кодекске жеке тұлғалармен жасалатын займ келісімшарттарына жылдық сыйақы мөлшерлемесін 100% мөлшерінде шектеу енгізілді. Алайда, бұл шара жеткілікті тиімді болған жоқ, себебі онлайн-кредиторлар қосымша комиссиялар алды. Кейіннен онлайн-кредиторлар Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының реттеу саласына енгізілді, барлық реттеуші шектеулерді қолдану арқылы.

Сарапшылар қауымдастығында Қазақстанда несиелендіру мәселесінің бар-жоғы, оның қаншалықты критикалық екендігі және оны тиімді шешудің жолдары туралы пікірталас жалғасуда. Бұл туралы біздің бас экономистеріміз Рахим Ошақбаев пен Аскар Қысыковпен сұхбаттан қараңыз.