Сараптамалық бақылаулардан ерте сигналдарға: TALAP тәсілін тестілеу

Халықаралық тәжірибені зерттегеннен кейін TALAP Қазақстандағы стратегиялық болжауға арналған өз тәсілін әзірлеуді бастады. Оның негізгі міндеті — сараптамалық бақылауларды, экономикалық күн тәртібіндегі фактілерді және өзгерістердің ықтимал салдарын біртұтас талдамалық құрылымға байланыстыру.

Сараптамалық бақылаулардан ерте сигналдарға: TALAP тәсілін тестілеу

Әдістеме үш элементтің үйлесіміне негізделеді. Біріншісі — сараптамалық оптика: статистиканы, салалық тәжірибені, басқарушылық шешімдерді және өзгерістердің бейресми белгілерін үнемі салыстырып отыратын мамандардың кәсіби көзқарасы. Екіншісі — стратегиялық болжау тілі, ол сараптамалық бақылауларды сигналдарға, шиеленіс түйіндеріне және ықтимал салдардың каскадтарына аударуға мүмкіндік береді. Үшіншісі — үлкен көлемдегі жарияланымдарды өңдеу және деректерді алдын ала құрылымдау үшін қолданылатын жасанды интеллект құралдары.

Мұндай тәсіл сарапшылардың пікірлерін тек жинақтап қана қоймай, әртүрлі бақылаулар арасындағы тұрақты байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Егер бірнеше кәсіби оптика ұқсас осалдықты көрсетсе, ол әлеуетті сигналдық түйін ретінде қарастырылады. Кейін бұл түйін тоқсан фактілері арқылы тексеріледі, радар құрылымында орналастырылады және жағдайдың даму ықтимал траекториясымен байланыстырылады.

Жарияланған материал TALAP-тың әлемдік тәжірибені талдаудан өз әдістемелік негізін құруға көшуін фиксирлейді. Бұл стратегиялық болжауға деген жаһандық сұранысты түсінуден — Қазақстан экономикасына бейімделген құралды жобалауға дейінгі біліктілікті дамытудағы екінші қадам.

Жүктеуге арналған материалдар

1 құжаты

Презентация по итогам тестирования методики экспертного сигнального радара TALAP

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 11.6 МБ, файл түрі — pdf

2 құжаты

Presentation on the Testing Results of the TALAP Expert Signal Radar Methodology

Құжатты ашу

Файл өлшемі — 14.3 МБ, файл түрі — pdf