Екі жыл бұрын Қазақстан Президенті елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері бойынша кеңесте жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды әзірлеуді тапсырды. Және 23-ші жылдың наурызында банкроттық туралы заң күшіне енді. Бұл қаржылық қарыздан құтылудың нақты мүмкіндігі болса да, өтінімдердің мақұлдану пайызы өте төмен болып отыр. Сарапшылар рәсімді жеңілдету қажет дейді, сонда мақұлданған өтінімдер саны артады. Бірақ жеңілдіктерден қандай әсер күтуге болады? Толығырақ «Нәтижелер» бағдарламасының жаңа шығарылымында қараңыз.
Спикерлер:
1) Балғын Кандылда, Қаржы министрлігінің банкроттыққа ұшыраған борышкерлермен жұмыс басқармасының орынбасары;
2) Дмитрий Ким, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының экономист-талдаушысы;
3) Марат Қайырленов, экономика ғылымдарының кандидаты, зерттеу, консалтингтік компанияның директоры;
4) Нұржан Биякаев, банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы.